"МҰҢДЫ ЖАН"

Қай биікке жетелейді мына күн, Қайда ағызып барады екен мына ағын?! Қай таулардың бөктерінен гүл терем, Қай ауылдың ошағымен тынамын?! Өкпелейді қолын бермей Жырағым, Түсіне алмай үнсіздігін шынардың. «Бақыт болып қонам!» - дер деп мен оған, Бақытсызбын дей салған да шығармын. Кiршіксіз ғып ақ бұлттармен жолдағам, Бойды алмаса құр ырғақтан солады ән. Мейірімге шөлдетпейін деуші едім, Мөлдірлікті аңсай ма екен сол адам?! Жарығына жарқылдаған жасынның, Жоқ іздеймін, қуанышын жасымның. Келер деген сенім секем алмайды, Түкпірінде жатқан шығар ғасырдың. Аялаймын! Сынығы деп асылдың, Жүрегімнің аспанына жасырдым. Арманымнан айырмашы, Жаратқан, Қаттылығын сәл жұмсартып тасыңның. Өктем желге қарсы өссем де жұлмаған, Жүрегімнің жазуына иланғам, Ойыммен де қол созайын көгіме, Асқақ, асқақ армандау да иманнан! © Жаркыннур
"МҰҢДЫ ЖАН"
Страна: Казахстан
Город: Шымкент
Тип группы: Публичная страница
Членство в группе: Доступно всем
Возрастные ограничения: нет
Количество подписчиков: 473
Ссылка на соц.сеть: mundi_jan
Статус: Поэзия... Ғашығым қасыма алған, Білер бізді... Түсінер... Басы бар жан... Мұқағали Мақатаев

Участники и подписчики

Чалбаев Бейбит, Казахстан, Долан
Бейбит Чалбаев
Казахстан, Долан, 42 года

Правовая информация

Представленная здесь информация получена из общедоступного открытого источника.
За достоверность информации сайт ответственность не несет.

Если вы администратор группы «"МҰҢДЫ ЖАН"» или являетесь его законным представителем, вы можете удалить эту страницу